"Қалай айтарымды білмеймін?": Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы оқиғаны айтты

"Қалай айтарымды білмеймін?": Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы оқиғаны айтты

фото: Әлеуметтік желіден

Блогер әрі қоғам белсендісі Айсәуле Бақытбек отбасындағы ауыр қазаға байланысты жүрекжарды жазбасын бөлісті.

Айсәуленің жазбасынан белгілі болғандай, жұбайының әкесі, яғни үш баласының атасы өмірден озған. Бұл – отбасы үшін ауыр соққы болған.

«Сүйіктіме қарап, ішіндегі шексіз ауырсынуды көремін. Ал мен ештеңе істей алмаймын. Мұндай жараға таңу бола ма?.. Балаларыма қараймын – олар “әлемдегі ең көңілді әрі мейірімді досы” келетін шығар деп үмітпен күтіп отыр. Ал мен жүрегімді ауыртпай, оларға қалай шындықты жеткізсем екен деп жүз рет ойланып жүрмін…», – деп жазды Айсәуле.