фото: Астана қаласы Білім басқармасы. Суретте: Жанайым Рашит
Астанадағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жанайым Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, ел назарын өзіне аударды.
Бұл үлкен жетістік – Жанайымның тынымсыз еңбегі, білімге деген құштарлығы мен мақсаткерлігінің жемісі. Сонымен қатар оның білім жолындағы жетістігіне ұстаздарының жүйелі дайындығы мен ата-анасының қолдауы да зор үлес қосқан.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы өзінің құттықтау жазбасында:
«Жанайым Жанибекқызы алдағы үлкен өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілеймін! Еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастары қатарынан көрініп, ел үмітін ақтай беріңіз!» – деп жылы лебізін білдірді.