фото: kff.kz. Суретте: Ислам Чесноков
Футболдан Қазақстан құрамасы мен қостанайлық «Тобыл» клубының шабуылшысы Ислам Чесноков Шотландияның әйгілі «Хартс» (Heart of Midlothian FC) клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы «Хартстың» бас бапкері Дерек Макиннес мәлімдеді, деп Sportinside.kz тілшісі DailyRecord басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ислам алдын ала келісімшартқа қол қойды. Бірақ олардың маусымы әлі жалғасып жатыр, сондықтан біз жағдайды толық бақылап отырған жоқпыз. Қазір «Тобыл» оны маусым соңына дейін жібергісі келмейді. Команданың құлдырап кету қаупі бар. Мен клуб басшылығына оны мүмкіндігінше тезірек алып келгім келетінін айттым. Өткен сәрсенбіде Исламмен жеке сөйлестім», – деді Макиннес.
Клубтың баспасөз қызметі Ислам Чесноковтың қазіргі келісімшарты маусым соңына дейін жарамды екенін растады. Демек, футболшы әзірге Қазақстанда қалуы мүмкін.
Ислам Чесноков кім?
-
Жасы: 25
- Позициясы: шабуыл шебіндегі жартылай қорғаушы (вингер)
- Туған жері: Өскемен, «Алтай» клубының түлегі
- Мансабы: Беларусьте ойнап, кейін «Тоболға» оралды
- Қазақстан құрамасында: 2023 жылы дебют жасаған, 15 матчта 2 гол соққан
- Жетістігі: 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені (10 гол)
«Хартс» клубы жайлы не білеміз?
- Толық атауы: Heart of Midlothian FC
- Мекені: Шотландия, Эдинбург қаласы
Жетістіктері:
- 4 рет Шотландия чемпионы
- 8 рет Кубок иегері
- 2024 жылғы маусымда: чемпионатты 7-орынмен аяқтаған.