Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтің көш басына шықты

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтің көш басына шықты

фото: ijf.org. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Қазақстандық дзюдошы, ұлттық құраманың мүшесі Әбиба Әбужақынова жаңартылған әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін рейтингті жаңартты. Сол тізімге сәйкес:

Әбиба 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі саты жоғарылап, қазір 2-орында тұр. Оның еншісінде – 5662 рейтингтік ұпай.

Ал рейтингтің көшбасында – Италия спортшысы Асунта Скутто, ол Әбибадан 300 ұпайға алда.

Айта кетейік, Әбиба жуырда өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Ол финалда рейтингтің көш басында тұрған италиялық Асунта Скуттоға есе жіберген болатын.