"Сау боп кетіп, мүгедек боп қайтқан": әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы қандай?

"Сау боп кетіп, мүгедек боп қайтқан": әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы қандай?

фото: Видеодан скриншот

Әскери борышын өтеу кезінде басынан ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты үміт сыйлар жақсы жаңалық айтылды. Ол қазіргі таңда оңалту курсынан өтіп жатыр және бірнеше ай ішінде айтарлықтай оң өзгерістер байқалған.

Еске салсақ, Ербаян Мұхтар 2024 жылдың қыркүйегінде Стамбулда ауыр нейрохирургиялық ота жасатқаннан кейін елге оралған еді. Қазір оған жеке массажист қызмет көрсетіп келеді. Маман Ұлпан Советбекқызының айтуынша, соңғы айларда Ербаян:

  • Арқа бұлшықеттерін тіктеп ұстай алады;
  • Өздігінен тұруға талпынып жүр;
  • Мойын бұлшықеттерін басқаруды үйреніп келеді;
  • Сол қолы мен аяғында қозғалыс реакциялары пайда болған;
  • Салмақ қосып, бұрынғыдай зонд арқылы емес, ауыз арқылы толық тамақтана алады.

«Бұл – 7,5 айдың ішінде жеткен үлкен жетістік. Ем баяу, бірақ тұрақты жүріп жатыр. Ең бастысы – үміт пен табандылық», – дейді массажист.

Ұлпан Советбекқызының мәліметінше, Ербаян емнің екінші кезеңін жалғастыру үшін жуырда қайтадан Түркияның Стамбул қаласына аттанбақ. Маман оның толық жазылып кететініне сенімді.