Көптен көрінбей кеткен Демеу Жадыраев жарқ етіп қайта оралды (фото)

Көптен көрінбей кеткен Демеу Жадыраев жарқ етіп қайта оралды (фото)

фото: olympic.kz. Суретте: Демеу Жадыраев

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіде фото жариялап, оқырмандарының ізгі ниетіне бөленді. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраев әлеуметтік желіде аса белсенді емес. Соңғы уақыттары Олимпиада жүлдегерін жанкүйерлері бозкілемнен де жоғалтып алған. Бірақ жақында ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында сурет жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

"Кеше ғана ойлап едім Демеу көрінбей кетті деп, көргеніме өте қуаныштымын", "Красавчик", "Демеу ағам жұлдыз ғой", "Сұлуым", "Батыр" – деген секілді ізгі тілектерін жаудырды оқырмандары.