«Күйеуімді жақсы көргеннен еркелетемін»: Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді

«Күйеуімді жақсы көргеннен еркелетемін»: Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді

фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі жеке өміріне қатысты жазылған пікірлерге жауап берді. Жанкүйерлері күйеуімен бірге түскен видеосына байланысты "Күйеуіңізді кішкентай бала секілді еркелетесіз" деп сын айтқан еді.

Бұған байланысты әнші:

"Мә, қуады бар ғой. Кез келген жан күйеуін, әйелін жақсы көргенде еркелетіп жібереді ғой. Жақсы көріп, еркелеген, еркелеткен кез келген жан менімен келіседі деп ойлаймын. Әлде, олай жақсы көріп, еркелеткенді сезініп көрмегенсіз-ау", – деп жауап қайтарды.