фото: SN.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты шыққан сот үкімінен кейін сотталғандардың басым көпшілігі апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, 2025 жылдың 21 маусымында сот үкімі заңды күшіне енді. Осы күннен бастап және үкімді айыпталушылар қолдарына алған уақыттан бастап 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқықтары бар.
«Қазіргі уақытта сотталушылар мен олардың қорғаушыларының басым бөлігінен апелляциялық шағым келіп түсті. Тек Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған Думан Ысқақтан басқа барлық сотталушы сот шешіміне наразы», – деді адвокат Мейірман Шекеев.
Апелляциялық сот отырысының нақты мерзімі алдағы уақытта белгілі болады.