"Елімізге дұға жасаудамыз": қажылықта Елдос Сметов пен Жанқош Тұраров кездесті (фото)

"Елімізге дұға жасаудамыз": қажылықта Елдос Сметов пен Жанқош Тұраров кездесті (фото)

фото: instagram.com/zhankoshturarov. Суретте: Елдос Сметов пен Жанқош Тұраров

Белгілі қазақ кәсіпқой боксшысы Жанқош Тұраров қасиетті Арафа күнінде инстаграм парақшасында ерекше жазба жариялап, барша қазақстандықтарға дұға жасауды, кешірімді болуды және рухани тазалыққа ұмтылуды насихаттады.

Ол қасиетті орында дзюдо шебері Елдос Сметовпен кездескенін жазып:

«Мина жазығында @yeldos60kg бауырымды кездестірдім! Елімізге дұға жасаудамыз, ағайын!» – деп бөлісті.

Спортшы өз жазбасында бұл күннің қасиеттілігі мен мәнін терең түсіндіреді. Оның айтуынша, бұл – дұғалар қабыл болатын, жүректі жұмсартатын, кінадан тазаруға мүмкіндік беретін күн.

«Арапа күні ораза тұтқан болсаңыз — бақыттысыз, айтқа дайындалып жатсаңыз — бақыттысыз», – дейді Тұраров.