фото: kursiv.media. Суретте: Айдын Рахымбаев
Журналист Айбар Олжай BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаевты сынға алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Оның айтуынша, компания соңғы уақытта қызметкерлерге қысым жасап, корпоративке бармағандардың жалақысынан 256 мың теңге ұстап қалған, деп жазады журналист өзінің тредс парақшасында.
Олжайдың айтуынша, BI Group компаниясын сынағаннан кейін түні бойы 40-қа жуық бот-аккаунт шабуыл жасаған. Журналист оларды «BIbot» деп атап, «Рахымбаевты қорғау үшін құрылған автоматтандырылған шабуылшылар» деп бағалады.
«Түні бойы @bi.group боттары, шамамен 40 дана қаптап кетті, оларға БИбот деген атау қоюға тура келді», – деп жазды Айбар.
Айбар Олжай 2024 жылы BI Group холдингінің таза кірісі 75 миллиард теңге болғанын атап өтеді. Соған қарамастан, компания қызметкерлерінен 256 мың теңге жинап, оларды корпоративке баруға мәжбүрлеген.
«Біреу өз қызметкерін жақсы көріп, жағдайын жасайды. Біреу қызметкерін жауындай көреді», – дейді ол.
Журналисттің сөзінше, 2020 жылдан бері BI Group салықтан жалтарып келген. Бұл әрекеттер Премьер-министр Олжас Бектеновтің ашуына тиіп, үкімет Рахымбаевты қатаң бақылауға алған.
«Ол өз қызметкерінің отбасын жылатып, бала-шағасының нанын тартып алып отыр. Бұл азаматтыққа жатпайды. Рахымбаевты тәрбиелеу керек», – дейді Айбар.
Мәтінде бизнесмен Турсен Алагөзовтың 100 пәтерді қызметкерлеріне сыйға тартқаны атап өтіледі. Ал BI Group болса, өз қызметкерлерінен корпоратив үшін ақша жинап жатқанын айыптайды.
«Өз ақшасына корпоратив жасай алмай, қызметкерлерінен ақша жинайтын сорлы компания кімге керек?» – деп түйіндейді Олжай.