фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мағжан Мағауин
Қазақ әдебиетінің ірі өкілі, көрнекті жазушы әрі ғалым Мұхтар Мағауиннің ұлы – Мағжан Мағауин 2025 жылдың 23 маусымында дүниеден өтті.
Жақын туыстарының айтуынша, Мұхтар Мағауиннің алты баласы болған. Олардың төртеуі – ұл, екеуі – қыз.
"Мағжан Мағауин өмір бойы Алматыда тұрған. Үнемі әкесінің шығармашылығына жақын болып, отбасылық құндылықтарды ұлықтап өтті", – дейді туыстары.
Мағжан –биыл 10 қаңтарда дүние салған Мұхтар Мағауиннің ұлы. Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 2025 жылы 84 жасында қайтыс болған еді. Ол түркі тарихы, ұлттық болмыс пен мәдени кодты зерттеуге өмірін арнаған бірегей жазушы әрі зерттеуші ретінде танымал.
Қаңтар айында Мағжан Мағауин әкесімен Түркияда болған соңғы кездесу жайлы естеліктерімен бөліскен болатын.