«Өте оғаш, анық сексизм»: қазақ шахматшы қызының жігіттердің арасындағы жалғыз фотосы дау туғызды

«Өте оғаш, анық сексизм»: қазақ шахматшы қызының жігіттердің арасындағы жалғыз фотосы дау туғызды

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Бибісара Асаубаева

Қазақстандық танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева туралы жарық көрген фотосурет әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Турнир ұйымдастырушылары Бибісараның шпагаттағы бейнесін жариялап, сынға ұшырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Grand Slam турнирі: жалғыз қыз – Бибісара

Бибісара – жақында өтетін Freestyle Chess Grand Slam турниріне қатысатын жалғыз әйел шахматшы. Бұл додада әлемнің үздік шахматшылары – Магнус Карлсен, Ханс Ниманн және тағы басқалары бақ сынайды. Осындай маңызға ие халықаралық турнир ұйымдастырушылары Бибісараға арнап арнайы пост жариялаған.

Алайда бұл посттағы шпагаттағы фотосурет желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

«Неліктен дәл осы сурет?» – жанкүйерлер наразылығы

Көпшілік спортшының кәсіби деңгейін емес, сырт келбетін алға тартқан мұндай жарияланымды сексизм деп атады.

Желі қолданушылары жазған пікірлер:

«Бұл – анық сексизм. Шахматта жеткен жетістігіне лайық сурет көп, неге дәл мынау?»
«Ол – керемет гроссмейстер. Турнирге қатысатын ерлерге мұндай фотомен пост жасаған емес!»
«Әйелді шахмат ойнаушы ретінде емес, назар аудартатын объект ретінде көрсету – өрескелдік»
«Бұл – жалғыз қыз қатысып отырған турнир. Бірақ оны осылай таныстыру – өте оғаш»