"Қуа жөнелгендей": Айтбек Амангелді Қаржаубайдың айтқан айыптау сөзіне жауап берді

"Қуа жөнелгендей": Айтбек Амангелді Қаржаубайдың айтқан айыптау сөзіне жауап берді

Айтбек Амангелді Шерзат ісіне қатысты өзіне бағытталған қауесеттерге жауап берді.

Ол өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында оқырмандарының қойған сауалдарына жауап берді.

"Бүгінде медиакеңістік – жалынды тақырыптардың артынан қуа жөнелгендей көрінеді. Біз ауыртпалық салған адамдар туралы айтудың орнына, неге екені белгісіз, көмек көрсеткендерді айта жөнелдік. Назар ауысты. Мен шудың бір бөлігі болғым келмейді. Барлығы айтылды. Кім естігісі келді – естіді", – деді Айтбек Амангелді.