Наркенже Серікбаева басшысы «төсекке шақырған» тағы бір әйелдің хатын жария етті

Наркенже Серікбаева басшысы «төсекке шақырған» тағы бір әйелдің хатын жария етті

фото: Видеодан скриншот

Маусымның 24-і күні дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның Түркістандағы филармония басшылығы туралы шулы мәлімдемесінен кейін, әлеуметтік желілерде осы мәселеге қатысты жаңа деректер тарай бастады.

Желі қолданушылары мен өнер иесінің оқырмандары филармония басшысы Ғ.Е.-ның бұрын да әйелдерге қатысты этикаға жат әрекеттерге барғанын жасырмай, әншіге хат жазып, қолдау білдірген. Бұл туралы Наркенже ханым өзінің парақшасында бөлісті.

"Наркенже ханымның айтып отырғаны Ғ.Е. па? Ол кісі ХҚТУ-да мұғалім болған. Маған да тиіскен", – деп жазған қолданушылардың бірі. Тағы бір хабарламада:
"Құқық пәнінен сабақ берген. Студенттерге тиісіп, мені алдап кафесіне шақырған. Түркістанда 'Скай' деген кафесі бар. Мені шақырып, қырындап, төсекке тартқан. Қорқып қашып кеткенмін. Бұл кісі өте нашар адам", – делінген.

Кейбір әйелдер 2019 жылы бастан кешкен оқиғаларды есіне түсіріп, қазіргі таңда отбасылы екенін айтып, аты-жөнін көрсетпей пікір білдіруді жөн көрген. Олар бұл адамның "көптен бері әйелдерге озбырлық көрсетіп келе жатқанын" айтып отыр.