«Бірқалыпты бокс қызықсыз»: Төрехан Сабырхан неге шоу жасайтынын түсіндірді

«Бірқалыпты бокс қызықсыз»: Төрехан Сабырхан неге шоу жасайтынын түсіндірді

фото: olympic.kz. Суретте: Төрехан Сабырхан

Жас боксшы Төрехан Сабырхан өзінің шоуға жақын мәнерін сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, қазіргі заман көрермені тек нәтижені емес, көріністі, эмоцияны, ерекше стильді де қалайды.

«Кумирім – Флойд Мейвезер. Ол шоумен боксшы екенін білесіздер. Соған еліктедім. Өз ағайым да сондай, неше түрлі әдістер қолданады, соның бәрін көрсетеді. Бірқалыпты бокстасып, шаршы алаңнан шығып кету халыққа қызықсыз», – дейді Төрехан.

Оның пікірінше, рингке шыққан спортшы тек қарсыласын жеңуді ғана емес, көрерменнің назарын да ұстауды білуі керек. Шоу арқылы ол жанкүйерлердің көңілінен шығып, отандық және халықаралық аудиторияны тартуды көздейді.

«Көпшілікке шоу керек, бұл көрерменді тартудың тәсілі. Тек Қазақстан емес, өзге елден жанкүйерлер де қарайды деп ойладым», – деп қорытындылады жас спортшы.