Асу Алмабаевтың командасы дағыстандық Тагир Уланбековті жекпе-жекке шақырды

Асу Алмабаевтың командасы дағыстандық Тагир Уланбековті жекпе-жекке шақырды

фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC. Суретте: Асу Алмабаев

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров шәкірті Асу Алмабаевтың дағыстандық Тагир Уланбековке қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ол 2017 жылы Fight Nights ұйымы аясында өткен алғашқы кездесуде Асу Тагирден жеңілгенін еске алып, сол жекпе-жектің қарымтасын қазір өткізуді қалайды.

«Асу сол кезде жас әрі тәжірибесіз еді. Қазір ол мүлде басқа деңгейдегі спортшы. UFC-де 5 жекпе-жек өткізіп, 4-еуінде жеңіске жетті. Brave сияқты ұйымдарда да мықты қарсыластармен жұдырықтасты. Қазіргі Тагир бұрынғы бабында емес сияқты – салмақ қуудың да әсері бар шығар. Сондықтан дәл қазір реванш өтсе, Асу жеңіске жететініне сенемін», – деді Базров.

Айта кетейік, Асу Алмабаев пен Тагир Уланбеков қазір UFC-дің наң жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.