фото: Alash.kz. Суретте: Елдос Сметов
2025 жылғы 23 маусымда дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Италияда иығына жасалған отадан кейінгі жағдайын әлеуметтік желіде бөлісті. Ол өзінің денсаулығына алаңдаған жұртқа алғысын айтып, спорттағы жолын жалғастыратынын нақты мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Елдос Сметовтің мәлімдемесі:
"Құрметті Қазақ елі! Мені уайымдап, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет!
Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Бұрыннан иығым жарақат алып жүрген. Енді толыққанды ем алып, өзімді қалпына келтіруді жөн көрдім. Алла қаласа, 2-3 айдан соң жаттығуға, ал келесі жылдың басында жарысқа қайта ораламын.
Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығамын", – деп түйіндеді спортшы.