фото: Фото ашық дереккөзден
Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының директоры Ерназаров Ғалымжанға қатысты жанжал күшейе түсті. Әнші Наркенже Серікбаева жария еткен басшылық тарапынан қысым туралы мәлімдемеден кейін, әлеуметтік желіде бұрынғы студент қыздар да оның озбыр әрекеттері жайлы шағымдарын айта бастады, деп Sportinside.kz тілшісі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Наркенже Серікбаева өзінің Instagram парақшасында жазба жариялаған соң, оған фолловерлерден бірінен соң бірі шулы хаттар түсе бастаған. Олардың дені – филармония басшысын бұрын МКТУ-де (Ясауи университетінде) оқытушы болған кезде студент қыздарға қырындады деп айыптайды.
Студент қыздардың айыптаулары
Желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, Ғалымжан Ерназаровтың әрекеттері тек филармонияда ғана емес, оқытушы кезінен-ақ күмән тудырған:
«Наркенже ханым айтып отырған кісі – Ерназаров Ғалымжан. Ол МКТУ-да оқытушы болды. Маған да тиіскен»
«Ол құқық пәнінен сабақ берген. Мені «кеңес беремін» деп алдап, Түркістандағы «Скай» кафесіне шақырды. Артынша қырындап, төсектес болуға үгіттеді. Қорқып қашып кеттім»
«Қазір отбасылы адаммын. Бұл оқиға 2019 жылы болған. Еске алғым да келмейді»