фото: Видеодан скриншот
Жақында әлеуметтік желілерде тараған бір бейнежазба көпшіліктің жүрегін елжіретті. Отбасылық отырыста келіннің үлкендерге құрмет көрсетіп, ал атасының оған алғыс айтуы қазақы тәрбиенің тамаша көрінісіне айналды, деп Sportinside.kz тілшісі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодағы көріністе дастархан басында отырған қария келіннің табақ жинап, сәлем салып, төрден бас иіп шыққан сәтіне риза болып, төс қалтасынан 5 мың теңге шығарып, ризашылығын білдіреді. Ақсақал келінге жылы сөз айтып, батасын да беріп жатқанын көруге болады.
Бұл сәт көпшіліктің көңілінен шықты. Желі қолданушылары бұл көріністі нағыз тәрбие мен ұлттық салт-дәстүрдің үлгісі деп бағалап жатыр.
Көптеген желі қолданушылары атаның әрекетіне тәнті болып, төмендегідей пікір қалдырған:
«Не деген көрегенділік»
«Осындай кісілерге ризамын, “балам” деп мейіріммен айтып, сыйақысын да беріп жатыр»
«Елге үлгі боларлық көрініс екен»
«Келін істеуге міндетті деп қарамай, үлкендердің осындай ілтипаты отбасыны ұйыстырады»
«Сыйға-сый деген осы шығар, осындай құрмет болса, ажырасу азаяр еді»