фото: ҰОК. Суретте: Асадхужа Муйдинхужаев
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтетін әлем кубогы турниріне Өзбекстан құрамасы қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Астанада өтетін Әлем кубогына Өзбекстан ерлер құрамасы қатыспайды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
«Бастапқыда тізім берген, бірақ бір-екі аптадан кейін келмейтінін айтты. Дегенмен Астанада Олимпиада және әлем чемпиондары, Азия жеңімпаздары қатысып жатыр. Жарыс деңгейі өте жоғары болады деп ойлаймын», – деді бапкер.