фото: todayinfo.kz
Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өткен "Қымызмұрындық" ұлттық мерекесінде Жетісу облысының тұрғыны Айдын Нұғманов 120 келі тартатын қошқарды 35 рет көтеріп, көпшілікті тәнті етті, деп Sportinside.kz тілшісі Todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Күш атасын танымайтынын тағы бір дәлелдеген Айдын бұл жолғы жүлдесі арқылы қошқар көтеру жарысында 121-ші қошқарын иеленді. Ол қошқар көтерумен 10 жылдан бері айналысып келеді екен.
«Қымызмұрындықтың қызығын көркейтіп, көптің көңілінен шығуға тырыстым. Қошқар көтеру – менің өмірімнің бір бөлшегіне айналды. Бүгінгі қошқарды қоса алғанда 121 қошқар ұттым», – деді Сарқан ауданынан келген палуан.