фото: Ашық дереккөзден. Суретте: Ертуған Зейнуллинов
Нидерландының Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар тамаша нәтиже көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жартылай финал кезеңінде Қазақстан құрамасының атынан 8 боксшы өнер көрсетті. Олардың ішінен 5 спортшы жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Жекпе-жек нәтижелері:
50 кг: Даниял Сабит (Қазақстан) – Редуан Ассаи (Бельгия)
➡️ Сабиттің жеңісі – нокаутпен. Қазақстандық боксшы қарсыласын ерте тоқтатып, айқын басымдық танытты.
65 кг: Ертуған Зейнуллинұлы (Қазақстан) – Али Абдуллаев (Әзербайжан)
➡️ Жеңіс – Абдуллаевқа. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен әзербайжандық боксшы финалға шықты.
70 кг: Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) – Анас Каддури (Бельгия)
➡️ Жеңіс – Жүсіповке (бірауыздан шешім). Тәжірибелі Жүсіпов қарсыласынан айтарлықтай басым болды.
75 кг: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Джамал Кулиев (Украина)
➡️ Жеңіс – Кулиевке (бірауыздан шешім). Қазақстандық спортшы бар күшін салғанымен, украиналық боксшы финалға жолдама алды.
80 кг: Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) – Иде Силас (Дания)
➡️ Жеңіс – Жақпековке (бірауыздан шешім). Боксшы қарсыласын сенімді түрде жеңіп, финалға шықты.
85 кг: Дәулет Төлемісов (Қазақстан) – Идрис Леганас (Бельгия)
➡️ Жеңіс – Төлемісовке (бірауыздан шешім). Қазақстандық боксшы техникалық шеберлігімен көзге түсті.
90 кг: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
➡️ Жеңіс – Хабибуллаевқа (бірауыздан шешім). Қос көршінің дуэлінде Өзбекстан боксшысы басым болды.
90+ кг: Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) – Идрис Шонуби (Бельгия)
➡️ Жеңіс – Сапарбайға (бірауыздан шешім). Ауыр салмақтағы өкіліміз сенімді жеңіске қол жеткізді.