"Тұрсынбек қайда, көрінбейді": Мөлдір Мұқановаға көпшілік сұрақты қардай боратты

"Тұрсынбек қайда, көрінбейді": Мөлдір Мұқановаға көпшілік сұрақты қардай боратты

фото: Фото ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова өзінің қыздарымен бірге Динара Сәтжаннаның бағдарламасында қонақта болды.

Мөлдір Мұқанова осы сәтті Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, Динара Сәтжанға өз алғысын білдірді.

"Динара Сатжанның арнайы шақыртуымен үш қызыммен бірге тележобаға қатыстық. Бұл – біз үшін ұмытылмас сәт болды. Алғаш рет сахнаға шығып, заманауи этно стильдегі ән орындадық. Сонымен қатар, ММ орталығының оқушыларымен бірге «Рахмет саған, туған ел» әнін шырқап, үлкен әсер алдық.

Динара құрбыма шын жүректен алғыс айтамыз", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Сондай-ақ желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованың бұл жазбасына ерекше ықыласын білдіріп жатты:

«Мөлдір ханым, әрдайым биіктерден көріне беріңіз!»

«Қыздарыңыз қандай керемет, бойлы-сойлы, қазақтың сұлулары ғой!»

«Тек алға, жарқырай беріңіз!»

«Мөлдір мен қыздарыңыз сахнада өте әсерлі болды!»

«Сізден шабыт аламыз!»

«Қыздарыңызбен бірге сахнада өнер көрсету – үлкен мәртебе!»

Сонымен қатар пікірлердің арасында әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы сұрағандар да болды.

«Тұрсынбек аға көрінбейді көптен...»

«Сонымен, Тұрсынбек інім қайда?»

«Күйеуіңіз неге мүлде көрінбей кетті?»

«Тұрсынбектің отбасы жақсы, қыздары да сұлу!»