«Құран оқылып жатқан жерде де жүреді»: Алтынай Жорабаева әріптестерін өткір сынға алды

«Құран оқылып жатқан жерде де жүреді»: Алтынай Жорабаева әріптестерін өткір сынға алды

Эстрада әншісі Алтынай Жорабаева кей әріптестерінің әрбір іс-қимылын видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялап жүргенін сынға алды, деп Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Instagram парақшасында ол мобилографпен жүрген жұлдыздарға ескерту жасап, бұл әрекет көпшілікке ұнамсыз көрінетінін айтты.

«Мобилографпен жүрген әріптестерге бір өтінішім бар. Құран оқылып жатқан жер болсын, той болсын – үнемі түсіріп жүруді доғарыңыздаршы. Қонаққа келіп, сәлем бергеніңіз, сыйлық табыс еткеніңіз – бәрін видеоға түсіріп, жария етесіздер. Бұл әрекет сырт көзге ұнамсыз көрінеді. Желіге салғанда онша білінбеуі мүмкін, бірақ өмірде сіздің әр басқан қадамыңызды түсіріп жүргеніңіз әдемі көрінбейді. Бәрі «показуха» үшін сияқты әсер қалдырады. Әрине, жұмыстарыңызды, өнерлеріңізді насихаттаңыздар. Блогерлерге арналған шара болса – басқа әңгіме. Бірақ шектен шықпаған жөн. Егер артық кетсем, кешірім сұраймын», – деп жазды Алтынай Жорабаева.