фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar. Суретте: Данияр Елеусінов
Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кіші ұлы Мұхаммедпен бірге рингте түскен видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл бейнеден Мұхаммедтің әкесіне бокс қолғаптарымен шебер соққы жасап, басына дәл тигізіп жатқан сәті көрсетілген.
Боксшының жанкүйерлері видеоны жылы қабылдап, пікір қалдырды:
«Әкесіндей чемпион болады!»
«Даник – жарайсың!»
«Нағыз от қой!»
Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болды.
2018 жылы кәсіпқой бокстағы дебютін жасап, осы уақытқа дейін 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
2021 жылы ол IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды, бірақ кейін мансабындағы үзіліске байланысты чемпиондық белбеуінен бас тартты.
БАҚ мәліметінше, Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 19 шілде күні АҚШ-та өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.