Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа баспанасына балаларын алғаш рет апарып, Instagram парақшасында ерекше қуанышқа толы сәтімен бөлісті.
«Балаларға тосынсый жасаған күн. Бұл күнді ұзақ күттік! Қанша жылдан бері пәтерден пәтерге көшіп, әбден әбігерге түссек те үмітімізді үзбедік. Сондай кезеңде бала болса да, ересекше сабыр танытып, жаныма жалау, көңіліме демеу болған төрт құбылам – құлындарым, сенімдерің мен қолдауларыңа рақмет! Бәрі артта қалды. Шүкір!» – деп жазды актриса.