фото: nege.kz
Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі саясаткер, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке қатысты көпшілікті толғандырған маңызды жайтты бөлісті. Бұл туралы ол Qazaq Aıran арнасына берген сұхбатында айтты, деп Sportinside.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Композитордың айтуынша, Заманбек Нұрқаділов өмірінің соңғы кезеңінде өзіне қауіп төніп тұрғанын алдын ала сезген.
«Зәкеңнің құпия құжаттары туралы көп айтылады ғой. Зәкең өзіне төнген қауіптің барын сезген сияқты. Сол кездері бірнеше адамға өзі хат жазған болатын. Сондай бір хатты Мұхтар Шахановқа апарып бердім. Мұхаң өзі оқыды, бірақ не жазылғанын маған айтпады», – дейді Қалдыбек Құрманәлі.
Оның сөзінше, бұл хаттарда аса маңызды мәліметтердің кіріспесі ғана жазылған. Нақты құжаттардың өзі шетелге шығарылған болуы мүмкін.
«Ал өзі шетелге барғанда әлгі құжаттарды сол жаққа жәшікке салып келген сияқты. Бірақ ол қандай құпия – білмеймін. Әйтеуір өте үлкен құпия болған сияқты. Себебі, содан кейін әлгі өлтіру тапсырысы болды ғой», – дейді ол.