"Семей" – "Қайрат": бүгін Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі басталады

"Семей" – "Қайрат": бүгін Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі басталады

фото: "Семей" футзал клубының баспасөз қызметі

Бүгін, 23 маусымда Семейде футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы басталады. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Бұл жолы чемпиондық атақ үшін «Семей» мен «Қайрат» командалары өзара бақ сынасады.

Шешуші кездесулерді қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» және «QFootball.kz» телеарналарынан тамашалай алады. Сонымен қатар, ойындар KazakhstanFutsalAssociation YouTube арнасында да көрсетіледі.

Айта кетейік, алғашқы екі ойын 23 және 24 маусым күндері Семей қаласында өтеді. Екі матч та жергілікті уақыт бойынша сағат 19:30-да басталады.