фото: Фото ашық дереккөзден
Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова асырап алған қызы Мерейдің тегі мен әкесінің атына қатысты көпшілік көкейіндегі сұраққа нақты жауап берді.
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың бірі: «Қызыңыз Заманбековна ма?» – деп сұрағанда, әнші еш бүкпесіз жауап берді. Оның айтуынша, қызының туу туралы куәлігін марқұм жолдасы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өзі рәсімдеген.
«Куәлігін Зәкең өзі барып жасатқан. Мерей Заманбекқызы», – деп жазды Мақпал Жүнісова.