«Директор баласына ұялмай қызыл аттестат әперіп отыр»: ашынған мұғалімнің шындығы желіде тарап кетті

«Директор баласына ұялмай қызыл аттестат әперіп отыр»: ашынған мұғалімнің шындығы желіде тарап кетті

TikTok желісінде Meruert есімімен тіркелген қолданушы мектептегі әділетсіздік туралы ашына айтып, видео жариялады. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, мектеп директоры өзінің ұлына қызыл аттестат әперу үшін бағасын күштеп «5»-ке түзеттірген.

«Менің сабағымнан «4» алған. Соны жөндетіп, «5» қойдырып, директор баласына ұялмай қызыл аттестат әперіп отыр», – деп жазды бейнежазба авторы.

Мұғалімнің бұл шағымы желіде қызу талқыланып, түрлі пікірлер жазылуда. Бірі:

«Директор мен мұғалімнің балалары алады ғой қызылды»,

«Не болды сонша, «5» қоя салсаң нең кетеді?»,

«Әділетсіздік қой бұл»,

«Мүмкін өзің әдейі ерегісіп баға қойған шығарсың?» – деп жарыса жазса, енді бірі ұстаздың ашық айтқанын құп көріп, қолдау білдіруде.