Елдос Сметов әлеуметтік желіге сурет жариялап, жанкүйерлерін алаңдатып қойды (фото)

Елдос Сметов әлеуметтік желіге сурет жариялап, жанкүйерлерін алаңдатып қойды (фото)

фото: JACK GUEZ/AFP via Getty Images. Суретте: Елдос Сметов

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов әлеуметтік желідегі парақшасында жарақат алып қалған суретін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Суреттен Елдос Сметовтің қолы арнайы бандажбен таңылғанын көруге болады. Алайда спортшының нақты қандай жарақат алғаны, оның деңгейі және алдағы жарыстарға дайындыққа қаншалықты әсер ететіні туралы ресми ақпарат әлі шыққан жоқ.

32 жастағы дзюдошы суретке қысқа ғана, бірақ терең мағыналы жазба қалдырған:

“Rio 2016, Tokyo 2020, Paris 2024 – медальдің көлеңкелі жағы”, – деп жазды Елдос Сметов.

Бұл сөздерімен спортшы үлкен жетістіктердің артында тек жеңістер ғана емес, ауыр еңбек, дене жарақаттары және ұзаққа созылатын қалпына келу кезеңдері жатқанын меңзесе керек.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов – Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлаған дзюдошы.

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызғ жазылып, спорт жаңалықтарынан хабардар болып отырыңыз:

🔹 Instagram 
🔹 TikTok 
🔹 Threads 
🔹 Facebook 
🔹 Telegram