"Бауырлары қарсы болды": Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейін махаббаты жайлы айтты

"Бауырлары қарсы болды": Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейін махаббаты жайлы айтты

фото: Фото ашық дереккөзден

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев бұрынғы жұбайынан ажырасқаннан кейінгі өмірі мен махаббат жайлы алғаш рет ашық әңгіме айтты. Ол жүрегін бірден жаулап алған аруды ауылдағы концерттердің бірінде көріп, бір көргеннен ғашық болғанын НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында жеткізді.

Әншінің айтуынша, бұл сезім оған қиын сәттерде келген.

"Қиналып жүрген шақта ол қыз кездесті. Әңгімелесе бастадық. Жылы сөздің өзі сол кезде үлкен қолдау болды. Жақсы жан жолықты, көп нәрсе бастан өтті. Әдемі сәттер болды. Бірақ өкінішке қарай, қарсылықтар көп болды. Бауырлары қарсы болды. Соңында амалсыз қоштастық", – деді Ауыпбаев.

Жігер сол кештегі концертінде барлық әнін сол аруға арнағанын да жасырмады.

"2022 жылдың 13 желтоқсанында концертпен ауылға бардым. Сол жерде оны көрдім. Ол қыз ары-бері жүріп жатты. Мен концерт барысында 1,5-2 сағат бойы барлық әнімді соған қарап айттым десем де болады. Бір көргеннен ғашық болдым. Қыз да байқап отырды. Сахнадан көрініп тұрады кім қалай қарап отырғаны. Кейін әлеуметтік желіден тауып алып, сөйлесе бастадық", – деді әнші.