фото: Cofen
Бразилияда бұрынғы анестезиолог Джованни Квинтеллу Безерра есімді дәрігер наркозда жатқан пациент әйелдерді зорлағаны үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылды.
2022 жылдың шілде айында аурухана қызметкерлері оның күмәнді әрекеттерін байқап, дәрігерді жасырын камераға түсіреді. Видеода ес-түссіз жатқан әйелге жасалған зорлық анық көрінеді. Тергеу барысында Безерраның науқастарға әдейі мөлшерден тыс тыныштандырғыш еккені анықталды.
Бейнематериал жарияланғаннан кейін күдікті дереу тұтқындалды. Сол күні тағы бір әйелге дәл осындай әрекет жасағаны дәлелденді. Сот шешімі бойынша, ол әр жәбірленушіге 50 мың бразилиялық реал көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Ресми тергеуде алты әйел жәбірленуші ретінде танылды, дегенмен құқық қорғау органдарының пікірінше, құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. 2023 жылы Безерра медициналық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.