фото: Фото ашық дереккөзден
Танымал актер әрі тележүргізуші Азамат Сатыбалды марқұм ата-анасын еске алып, олардың дұғасының ерекше қуатқа ие екенін айтып, жұрттың жүрегін елжіретті. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Анаң сияқты ешкім шын жүректен тілемейді»
Азамат Сатыбалды Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті:
«Мен әкем өмірден өткенде ғана өлімнің бар екенін шын түсіндім. Әкем маған өлмейтін адам сияқты көрінетін. Ал анам кеткеннен кейін, мен енді мен үшін ешкім Алладан тілек тілемейді деп ойладым. Анаң сияқты ешкім сен үшін көзінен жас шығарып, жүрегімен тілек тілемейді. Әйелің де тілемейді, бауырың да тілемейді. Ана ғана тілейді. Алла шынайы тілекті ғана қабыл етеді», – деді актер.
Ол өмірдегі табыс пен жеңістің көпшілігі ананың адал тілегінің арқасы екенін айтып, ана өмірден өткен соң, адамның алдында көп есіктің жабылатынын астарлады.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді
Актердің бұл сөздері қоғамда түрлі пікір туғызды. Жазылған кей пікірлер мынандай:
Қолдаушылар:
«Ата-анасы өлген адамдар жартылай өлген адамдар ғой…»
«Сізді тыңдап жылап алдым…»
«Өте дұрыс айтасыз, ананың дұғасы – үлкен қорған»
Қарсы пікірлер:
«Әйел неге тілемейді? Тілейді. Бірақ еркектер оны түсінбейді»
«Қателесесіз. Мен күйеуім үшін шын жүректен дұға жасаймын»
«Керісінше, еркектер әйеліне ондай мейіріммен дұға жасамайды»