«Жақынымнан көрген опасыздық»: Қайрат Нұртастың әйелі жаңа өмір парағын ашқанын айтты

«Жақынымнан көрген опасыздық»: Қайрат Нұртастың әйелі жаңа өмір парағын ашқанын айтты

фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса әрі қоғам белсендісі Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өміріндегі қиын сәттермен күресіп, өз күшімен жаңа баспанаға қол жеткізгенін хабарлап, желі қолданушыларымен қуанышын бөлісті. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақын адамның опасыздығы мен өмірлік сынақтар

Жұлдыз бұл жолы өзіне ең жақын деген адамның опасыздық жасағанын мойындап, сол ауыр кезеңде ешкімге шағымданбай, жалғыз күрескенін атап өтті:

«Жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынаққа сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында ләм-мим демей...» – дейді ол.

Сабыр мен жігер – жеңістің кілті

Актриса өз эмоциясына ерік бермей, табанды еңбек пен сабырлылықпен күресе білді. Бір жыл ішінде бастан кешкен ауырлықты былай сипаттады:

«Қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма... күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма...»

Бұл сөздері арқылы Жұлдыз қазіргі заман әйелінің бейнесін – берік, сабырлы, күрескер тұлғасын айқын көрсетті.

Жаңа баспана – жаңа бастама

Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа баспана алғанын сүйіншілеп, видео жариялады. Бұл сәт – оның еңбекпен жеткен жеңісінің көрінісі.

Оқырмандарына да алғысын жеткізді:

«Сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым куә болдыңыз! Мені қолдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын!»