фото: x.com/DAZNBoxing. Суретте: Галал Яфай
Англияның Бирмингем қаласында өткен бокс кешінде жергілікті жанкүйерлер күтпеген нәтижеге куә болды. WBC тұжырымы бойынша аса жеңіл салмақтағы уақытша әлем чемпионы, британиялық Галал Яфай (9-1, 7 KO) мексикалық Франсиско Родригестен (40-6-1, 27 KO) ұпай санымен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жекпе-жек 12 раундқа созылды
Төрешілердің шешімі бойынша жекпе-жектің нәтижесі төмендегідей болды:
- 119–108 (екі рет)
- 118–109
Бұл көрсеткіштер Родригестің айқын басымдықпен жеңгенін дәлелдеді. Жекпе-жек барысында мексикалық боксшы бірнеше рет қарсыласын нокаутқа жіберуге шақ қалды. Дегенмен, Яфай соңына дейін төтеп беріп, соңына дейін қарсылық білдірді. Алайда, туған жерінде өз жанкүйерлерінің алдында жеңіліс тапты.
Кәсіпқой мансаптағы алғашқы жеңіліс
Бұл Галал Яфай үшін кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңіліс. Бұған дейін ол 9кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын (оның 7-еуі нокаутпен).
Ал Франсиско Родригес болса, бұл жеңіспен өзінің кәсіби мансабындағы 40-жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде бұдан бөлек 6 жеңіліс пен 1 тең нәтиже бар.
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызғ жазылып, спорт жаңалықтарынан хабардар болып отырыңыз:
🔹 Instagram
🔹 TikTok
🔹 Threads
🔹 Facebook
🔹 Telegram