«Бірде-бір рет ләззат ала алмадым»: семейлік әйел некені тоқтатуға бел буды

«Бірде-бір рет ләззат ала алмадым»: семейлік әйел некені тоқтатуға бел буды

фото: pixabay.com

Семей қаласының тұрғыны Айару есімді келіншек отбасын құрғанына жеті жылдан асса да, ерлі-зайыптылық өмірден бақыт таппағанын ашық айтты. 

Алып қашудан басталған тағдыр

Айарудың айтуынша, ол небәрі 18 жасында күйеуге шыққан. Алайда бұл өз еркімен болған таңдау емес. «Ол мені алып қашты. Бұрын-соңды ешкіммен қарым-қатынас құрып көрмеген едім. Көңілім де ауып тұрған болатын. Бірақ бәрі үйленген соң күрт өзгерді», – дейді ол.

Жан қинаған жеті жыл

Айару шын мәнінде күйеуін жек көрмейтінін, екі ұл тәрбиелеп отырғанын, тіпті күйеуінің отбасымен де жақсы қарым-қатынаста екенін айтады. Алайда отбасындағы бір маңызды мәселе – төсек қатынасы – олардың арасына сызат түсірген.

«Осы уақыт ішінде бірде-бір рет ләззат ала алмадым. Күйеуім жақсы адам, бірақ төсекте үйлесе алмадық. Жүйкем жұқарды, жыныстық өміріміз мүлде қанағаттандырмайды. Осыдан жанжал да жиілеп кетті», – дейді ол.

Айрылысу – жалғыз жол

Келіншек бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтынын, ерлі-зайыптылар арасындағы интимдік үйлесім – толыққанды отбасылық өмірдің маңызды бөлігі екенін алға тартты.

«Мен одан суып кеттім. Жаным жаралы. Енді ары қарай бұл некені сақтаудың еш мәні жоқ екенін түсіндім. Ажырасу – мен үшін жаңа өмірге қадам басу», – деп қорытындылады Айару.