Килиан Мбаппе командаласы Антонио Рюдигерді "Реалдан" кетіруді талап етті – БАҚ

Килиан Мбаппе командаласы Антонио Рюдигерді "Реалдан" кетіруді талап етті – БАҚ

фото: Diego Souto/Getty Images. Суретте: Килиан Мбаппе

Футболдан Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе клуб басшысы Флорентино Перестен команданың қорғаушысы Антонио Рюдигерді кетіруді талап етті, деп Sportinside.kz тілшісі Don Balon басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның дерегінше, Мбаппе неміс қорғаушысымен бір командада ойнағысы келмейді және Рюдигердің клубтан кетуі ұжымдағы ішкі атмосфера үшін қажет деп санайды. Айта кету керек, бұл шешім бір сәттік эмоциямен қабылданбаған. Француз шабуылшысы мен неміс қорғаушы арасындағы келіспеушіліктер Мбаппе клубқа келмей тұрып басталған.

Мбаппенің айналасындағы адамдар екі ойыншы арасында айқын салқындық бар екенін растауда. Мбаппе Рюдигерді жоғары деңгейдегі кәсібилігі жоқ және "Реалдың" жұлдыздарға толы құрамында ойнауға лайық емес деп есептейді.

Осы талаптан кейін және бапкерлік штабтың кейбір мүшелерінің қолдауымен "Реал" Рюдигерді клубтан кетіру нұсқаларын қарастыра бастады. Қазіргі таңда АПЛ клубтарына сату немесе сатып алу құқығымен жалға беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Себебі қорғаушының нарықтағы сұранысы әлі де жоғары.