«Байдан-байға тиіп…»: Мөлдір Әуелбекова өзіне жазылған хатын көпшіліктің көзінше жариялады

«Байдан-байға тиіп…»: Мөлдір Әуелбекова өзіне жазылған хатын көпшіліктің көзінше жариялады

Әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында өзіне келген оқырман хатын жариялап, қоғамда жиі кездесетін бір көзқарасқа қатысты пікір білдірді.

Хат авторы бұған дейін әншінің жеке өміріне қатысты жағымсыз пікірлер жазғанын мойындап, өкінішін білдірген.

«Мөлдір ханым, сізді "байдан-байға тиіп, бала туып, түсінбеймін осыны" деп, әр фотоңыздың астына пікір жазған кездерім болды. Қазір соның мәнін түсініп отырмын. Қызым екінші рет ажырасып, үш баламен үйде отыр. Қатты қиналып жатырмыз. Сізден кешірім сұраймын. Мұндай жағдай маған да келеді деп ойламаппын», – делінген хатта.

Әнші бұл хатқа түсіністікпен қарап, еш реніш жоқ екенін айтты.

«Ренішім жоқ. Ажырасу – өлім емес! Алла баршаға жеңілдік берсін. Біреудің тағдырына қол сұқпайық. Әрбір айтқан сөзіміз бен жасаған әрекетіміз өз өмірімізге келмейінше, бұл өмірден өтпейміз. Сақ болайық», – деп жазды Мөлдір.