UFC-дегі қазақ әйелі қарсыласының ернінен сүйіп алды (фото, видео)

UFC-дегі қазақ әйелі қарсыласының ернінен сүйіп алды (фото, видео)

фото: instagram.com/mma.mashka. Суретте: Мария Агапова мен Джессика Ай

BKFC ұйымындағы кезекті жекпе-жек алдында танымал қазақ файтері Мария Агапова күтпеген әрекетімен көпшілікті таңғалдырды. Ол қарсыласы Джессика Аймен көз түйістіру кезінде оның ернінен сүйіп алды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Бұл сәттің видеосын танымал DAZN Sport платформасының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы жариялады. Сонымен қатар, Агапованың өзі де оқиғаның фото және видеоларын Instagram парақшасына жүктеген.

22 маусымға қараған түні АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында BKFC-нің 76-турнирі өтеді. Бұл кеште Мария Агапова мен америкалық Джессика Ай өзара мықтыны анықтайды.

"Жекпе-жек алдындағы дәстүрлі staredown (көз түйістіру) кезінде Мария Агапова тосын әрекетке барып, қарсыласының ернінен сүйіп алды. Мұндай қадамға дайын болмаған Джессика Ай бұл әрекетке ренжіп, Мария Агапованы итеріп жіберді", – деп жазады басылым.

Агапова ММА-де 10 жеңіс және 5 жеңіліс көрсеткішіне ие болса, Джессика Айдың еншісінде 15 жеңіс пен 11 жеңіліс бар. 

Еске сала кетейік, Мария Агапова – UFC ұйымындағы алғашқы қазақстандық әйел спортшы. Ол UFC-де жалпы 6 жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңілген болатын.

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызғ жазылып, спорт жаңалықтарынан хабардар болып отырыңыз:

🔹 Instagram 
🔹 TikTok 
🔹 Threads 
🔹 Facebook 
🔹 Telegram