Мәскеуде тұратын шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстандағы сүйікті қаласын айтты

Мәскеуде тұратын шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстандағы сүйікті қаласын айтты

фото: kaztag.kz. Суретте: Бибісара Асаубаева

Белгілі қазақстандық шахматшы, блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram желісінде жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оқырмандарының бірі: «Туған қалаңыздан басқа Қазақстандағы сүйікті қалаңыз қайсы?» деп сұраған екен.

Бибісара бұл сауалға: «Әрине, Астана шығар. Бірақ Алматы да жақсы қала», – деп жауап берген.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Тараз қаласында дүниеге келген. Ол 2021 және 2022 жылдары блиц шахматтан әлем чемпионы атанған. 2021 жылы тарихтағы ең жас әлем чемпионы ретінде рекорд орнатқан болатын.