Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова күйеуі шығаратын сусындардан бас тартатынын айтты. Бұл жайында ол тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеді.
Алагөзованың айтуынша, ол тәтті сусындарды ұнатпайды және құрамында қанты бар өнімдерден аулақ жүруге тырысады.
«Бір рет қана дәмін татып көрдім. Содан бері мүлде ішпеймін. Жолдасым шығарса да, тәтті сусындарға әуестігім жоқ», – деді ол.