58 жылдан кейін туған анасын тапқан: бірақ ол ұлымен кездесуден бас тартқан

58 жылдан кейін туған анасын тапқан: бірақ ол ұлымен кездесуден бас тартқан

фото: pexels.com

Ұлыбританиялық Саймон Протеро 58 жылдан кейін туған анасын тапқанымен, анасы кездесуге келіспеді. Бұл оқиғаны Sportinside.kz тілшісі El.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Саймон сәби кезінде балалар үйінің дәретханасы жанынан табылған. Құжаттары болмаған. Кейін басқа отбасы асырап алып, жаңа өмір басталғанымен, ол 9 жасында өзінің асыранды екенін біліп қояды. Жылдар бойы іште буылған сауалдар мен белгісіздіктің түйініне нүкте қоюға жұбайы себепкер болады – ол Саймонға жоғалған туыстарды іздеуге көмектесетін телешоуға қатысуға кеңес берген.

Жұбайы қайтыс болғаннан кейін ғана ол бұл ұсынысты қабыл алып, ДНҚ талдауы арқылы туған анасын табады. Алайда биологиялық анасы – бүгінде 80-нен асқан кейуана – ұлына кездесуден бас тартқан. «Болды» деген жалғыз ауыз сөзден кейін ол Саймонның әлі де байланыс орнатуға үміттенетінін білсе де, ұлымен жүздесуге әзір емес екенін білдірген.

Ол жас кезінде некесіз босанғанын айтып, отбасы тарапынан қолдау көрмегенін алға тартты. Ең сорақысы – әйел ұлының туылған жері туралы нақты есінде жоқ екенін айтып, Саймонның бұрынғы болжамдарын теріске шығарған.

Бір жағынан, зерттеушілер Саймонға алғаш рет сәби кезіндегі фотосуретін көрсетіп, туысы Ноэльмен жүздесуге мүмкіндік берген. Биологиялық әкесі жайлы мәлімет табылмағанымен, ол болашақта анасымен кездесуге әлі де үмітін үзбейді.

Бұл оқиға – жүректегі жара ешқашан ұмытылмайтынын, ал кешіру мен қабылдау да әркімнің жүрегінің кеңдігіне байланысты болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.