фото: match.tv. Суретте: Мбаппе
Франция ұлттық құрамасы 2024/25 жылғы Ұлттар лигасының маусымын қола жүлдемен аяқтады. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Үшінші орын үшін матч Германияның Штутгарт қаласында өтті. Ойын француздардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Голдар авторлары – Мбаппе мен Олисэ
45-минутта есепті Килиан Мбаппе ашты. Ол әдемі допты бақылау мен дәл соққы арқылы қақпаны дәл көздеді.
84-минутта Майкл Олисэ Францияның екінші голын соғып, жеңісті нықтады. Бұл голға Мбаппе нәтижелі пас берді, яғни өз есебіне гол мен ассист жазды.