Қазақстан мен Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы ел аумағында атом электр станциясын (АЭС) салуға бағытталған жобаның жол картасын бекітті. Бұл құжатта жобаға қатысты барлық негізгі кезеңдер қамтылған: зерттеу жұмыстарынан бастап жобалау құжаттамасы мен EPC-келісімшартқа дейінгі үдерістер белгіленген.
АЭС қайда салынады?
Атом электр станциясын Алматы облысы, Жамбыл ауданында салу жоспарланып отыр. Бұл жоба стратегиялық маңызға ие деп танылған. Себебі ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.