«Күйеуім опасыздығын мойындамай, керісінше мені кінәлады»: жас келіншектің жанайқайы елді жылатты

«Күйеуім опасыздығын мойындамай, керісінше мені кінәлады»: жас келіншектің жанайқайы елді жылатты

Желіде жас ана атануға дайындалып жүрген келіншектің жан сырын ақтарған жазбасы көпшіліктің көңіліне тиді. Ол күйеуінің опасыздығы мен бей-жай қарым-қатынасы туралы айтып, көмек сұрады.

«Жүкті кезімде басқа әйелмен қонақүйге бармақ болған...»

Жансая Иембергенова (есімі өзгертілген) күйеуін шын сүйіп қосылғанын, алайда бақыт ұзаққа бармағанын жазған. Бір жылдан аса бірге тұрып, тұңғышына аяғы ауыр келіншек күйеуінің телефонынан кездейсоқ түрде басқа әйелмен жазысқан хабарламаларын оқып қойған.

«Телефоннан “Қонақүйді бір сағатқа алсақ, екі рет жақындасып үлгереміз бе? Оқуыңа қанша жетпей жатыр?” деген хабарламасын оқыдым. Ол қыз 10 мың теңге керек екенін жазыпты. Бұл 28 наурыз күні болған. Сол күні ол мені жұмыстан алып кеткен еді. Сол күні жүзігі де болмады. Полицияға ұсталып, ломбардқа өткізіп жібердім деді. Ал ломбард қағазындағы күн мен хаттың датасы бірдей», – дейді жылаған келіншек.

«Телефонды сындырып, мені кінәлады»

Опасыздықтың нақты дәлелін табуына қарамастан, күйеуі бәрін мойындаудан бас тартып, керісінше, өз әйелін кінәлап, ашуланып кеткен.

«Телефонды көз алдымда сындырып тастады. “Сенбесең, жиналып кете бер. Сен кеткен соң соңынан іздеп бармаймын” деп қорқытты. Баланың жағдайы не болады? Біз не үшін үйлендік?» – дейді ол.

Қоғамның қолдауы мен кеңесі қажет

Жансая бұл оқиғадан кейін күйеуімен қайта татуласқанын, бірақ көңіліндегі жараның жазылмағанын да жеткізді. Ол түн ұйқысы бұзылып, жылап шығатынын, ішкі күйзелісін жеңе алмай жүргенін айтты.

«Мен үй шаруасын жақсы атқарамын, ата-енеммен де тату-тәттімін. Сонда менің қай жерім ұнамай қалды? Не үшін бұлай істейді еркектер?» – деп ашынады ол.