Шавкат Рахмонов биыл мүлдем жекпе-жек өткізбеуі мүмкін

Шавкат Рахмонов биыл мүлдем жекпе-жек өткізбеуі мүмкін

фото: Chris Unger/Zuffa LLC. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмонов (19-0) 2025 жылы октагонға шықпауы мүмкін. Бұл туралы Sportinside.kz порталы Metranca басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Рахмоновтың командасы 2025 жылдың соңына дейін міндетті түрде жекпе-жек өткізетінін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Алайда соңғы мәліметтерге қарағанда, оның қайта оралуы 2026 жылдың қаңтарына дейін кешіктірілуі ықтимал.

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында ирландиялық үміткер Иэн Гэрриді (16-1) бірауызды төрешілер шешімімен жеңіп, өзінің жеңіліссіз сериясын 19 жекпе-жекке жеткізді. Осы жекпе-жектен кейін Рахмонов жарақат алып, әлі күнге дейін сауықтыру кезеңінен өтіп жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы (welterweight) чемпионы – австралиялық Джек Делла Маддалена (18-2).