Санкт-Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форумда (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда білім саласының өзекті мәселелері көтерілді. Соның ішінде үй тапсырмасының маңыздылығы қызу талқыға түсті.
«Үй тапсырмасы — мағынасыз жұмыс»
Ресей Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары, «Жаңа адамдар» партиясының өкілі Владислав Даванков қазіргі форматтағы үй тапсырманың мәнсіз екенін ашық айтты. Оның айтуынша, қазіргі оқушылар үй тапсырмасын білім алу үшін емес, жай ғана орындап қою үшін орындайды — оның өзін де чат-боттардың көмегімен.
«Бұл — абсолютті мағынасыздық. Ұлымның DeepSeek арқылы орындаған тапсырмаларын ChatGPT арқылы тексеремін. Бүгінде үй тапсырмасын жоюдың уақыты келді. Оның орнына балаларды шынымен дамытатын шығармашылық тапсырмалар енгізу керек», — деді Даванков.