фото: Фото ашық дереккөзден
Беларусьтің Светлогорск қаласынан Житкович ауданына қоныс аударған 36 жастағы әйел 83 жастағы ер адамның өмірін күрт өзгерткен оқиғаға себеп болды.
Әйел алдымен 61 жастағы жұмыссыз ер азаматпен бірге тұра бастайды. Оның үйіне 83 жастағы ағасы жиі келіп жүрген. Бір кеште олар үшеуі ішімдік ішіп, үй иесі ұйықтап қалған сәтте әйел мен қарт туыстың арасында жақын қарым-қатынас орнаған. Кейін әйел екі ағайындымен де көңіл жарастырған.
Арада біраз уақыт өткен соң, 83 жастағы қарияның денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлер оған АИТВ диагнозын қойған. Зерттеу нәтижесінде вирустың көзі — осы әйел болуы мүмкін екені анықталған. Себебі ол өз диагнозын 2002 жылдан бері білгенімен, оны серіктестеріне айтпаған және ешқандай қорғану шарасын қолданбаған.
Алайда жағдайдың ең таңғаларлығы — екі ер адам да әйелге қарсы арыз жазудан бас тартқан. Керісінше, кешірім беріп, онымен қарым-қатынасты жалғастырған.
Сот әйелдің әрекетін қасақана жасалған құқықбұзушылық ретінде қарап, оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.