"Ақыл тоқтатуы керек": Тұрсынбектің әйелі жас әншімен билеп, көпшіліктің сынына қалды (видео)

"Ақыл тоқтатуы керек": Тұрсынбектің әйелі жас әншімен билеп, көпшіліктің сынына қалды (видео)

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан мен жас әнші Дана Кентай Instagram желісіне түсірген тренд видеосы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, түрлі пікірлер қалдырды. Бірі актрисаның табиғи сұлулығы мен жарасымды қылығына тәнті болса, енді бірі сын айтты.

"Арман бар ма осындай жұбайы бар" – деп тамсанғандар да болды

Видео астына пікір қалдырғандардың біразы Мөлдірдің келбетіне, мінезіне мақтау айтты. «Мөлдір күннен-күнге нәзіктене түсіп, сұлуланып барады», – деп жазғандар да кездесті. Эстетикаға баса назар аударған оқырмандар оның киімі мен өзін-өзі ұстауына оң баға беріп, түрлі смайликтермен қолдау білдірді.

Алайда, жағымсыз пікір жазғандар да аз емес

Бірақ пікірлер арасында жағымсыз сөздер де көп болды. Кейбір қолданушылар Мөлдір Мұқанды жеңілтек қылық танытты деп сөкті. Олардың айтуынша, ел алдында жүрген әйелге мұндай қылықтар жараспайды. Кейбіреулері тіпті: «Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевтың жұбайларына жете алмайды» деген пікір қалдырған.

Тағы бір сын: «Мөлдір есейіп, ақыл тоқтатуы керек. Мұндай әрекет – мисыз қыздардың ісі» деп ашық жазғандар да болды. Басқалары «не мағына бар бұл видеода, түсініксіз», «ерсі», «әйел жеңілтек пе өзі?» деп пікір білдірген.

Қорғағандар да табылды: "Неге біреудің өміріне араласасың?"

Мөлдір мен Данаға қарсы жазылған негатив пікірлерге кейбір оқырмандар қарсы шықты. Олар: «Біреудің өміріне араласпаңыздар, әркім өзіне ұнайтын өмірді сүреді», – деп жазып, қоғамда позитив сөз айтуға шақырды. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Сендер кімсіңдер біреуді ғайбаттауға?» деген пікірлер де болды.